Показать содержимое по тегу: қызықты ақпараттар
«Ықылық-ау, ықылық
Ықылық екеуміз суға бардық,
Ықылық қалды, мен келдім».
Ойламаған жерден ықылық тисе, айналамыздағы адамдар «Не ұрладың?» деп сұрайтыны бар. Бірақ, оның ғылыми себебі бар: Адамның негізгі тыныс алу бұлшық еті диафрагма деп аталады. Кенеттен бұлшық ет тарылған кезде адамның тыныс алу ритмі бұзылады. Нәтижесінде сыртқа ықылық ретінде шығады. Бұл – ықылықтың механизмі.
Ал, себебін былай түсіндіреді: Біз асығыс тамақ ішкен кезде, бұлшық еттегі жүйке жүйесінің талшықтары қысылады да, қозу үрдісі жүреді. Бұл эффект салқын температуралы жерде немесе қорыққан кезде кенеттен ішке тыныс алғанымызда да байқалады. Жүйкенің қысылуына ағза жылдам жауап береді: ол орталық жүйке жүйесіне белгі жібереді, ал ағза қорғану үшін өздігінен диафрагманы қысады. Осылайша, ағзамыздың бар әрекетіне жауапты жүйке жүйесінің талшықтарын босатамыз. Яғни, ықылық – ағзаның қорғаныш реакциясы.