Показать содержимое по тегу: бұрымды қыз
Әр нәрсеге мән бере қараған дана халқымыз сұлудың көркі шаш, шаштың көркі шаштеңге деп есептеген. Ұлт мәдениетінде әр бойжеткен шашы мен бойына қарап бағалаған. Шаш тек сұлулық пен мәдениеттілік белгісі ғана емес, ол әйелдер қауымына берілген Алланың айрықша сыйы, құрметі,сәні, еншісі. Шолпы, шашбау, шаштеңге, шашқап – сол сый құрметке сай әр әйелдің әсем табиғатымен нәзік жаратылысына лайықталған қазақтың талғампаздық үлесі әрі ұлтттық сыр-сыйпаты.