Показать содержимое по тегу: 90 жылқы
Қостанай облысының тұрғыны Сергей Кащенко 90 жылқысы бар бір үйір малынан айырылып қалған. Енді ол аттары туралы ақпарат берген адамға 1 миллион теңге беруге дайынмын деп отыр.
Бұл туралы alau.kz хабарлайды.
“Жылқылардың орналасқан жерін айтса сыйақы беремін. Бір үйір малдың қай жерде жасырылғанын көрсетіп бере алса, ойланбастан бір миллион теңге берер едім”, – дейді Сергей Кащенко.
Еске сала кетсек, бірер күн бұрын Ұзынкөл ауданында 90 жылқы жоғалып кеткен.