Показать содержимое по тегу: табиғи газ
Биылғы жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Кентау қаласының тұрғындары толықтай табиғи газбен қамтылатын болады. Осы мақсатқа жалпы құны 3 млрд 842 млн теңге бағытталып, газ таратушы құбырларының құрылысы 2017 жылдың желтоқсан айында аяқталған. Онда нөмері 14-ші АГТС-тың құрылыс монтаж жұмыстары жүргізіліп, электр жүйелері тартылыпты. Сондай-ақ, 1 трансформатор, 5 жайтартқыш, 1 прожекторлы діңгек орнатылған. Сонымен қатар, контейнерге операторлық блок орналасса, жылыту торабы, автоматтық одоризация блогы орын тепкен, деп silteme.kz АА ОҚО әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.