Халық маркасы ереже

Показать содержимое по тегу: Халық маркасы ереже

Қазақстандық («Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған) брендтер тақырыбына  арналған

журналистердің

 «Самғау» ұлттық байқауы туралы Ереже

Жалпы ережелері:
  1. Қазақстандық («Халық маркасы» тұтыну белгісіне ие болған) брендтер тақырыбына арналған журналистердің «Самғау» ұлттық байқауы (бұдан әрі – Байқау)  «Халық таңдаған сапа» – тақырыбын әділ, сапалы және жанжақты етіп көрсетуге республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тар мен блогерлерді тарту үшін өткізіледі.
  2. Байқау қазақстандық өндірушілердің үздік және қол жетімді өнімі туралы мәлімет беретін және бағдарлайтын, отандық брендтер жайлы тақырыпты халыққа түсіндіріп таратуға және дамытуға үлес қосатын үздік жұмыстарды анықтау мақсатында өткізіледі.
  3. Байқаудың құрылтайшысы және ұйымдастырушысы: «Халық маркасы» Қазақстандық тауарлар мен қызметтердің сапасын бақылау жүйесі федерациясы» ЗТБ.
  4. Осы Ереже Байқауды ұйымдастырудың, өткізудің және қорытындысын шығарудың принциптерін айқындайды.

Мақсаттары мен міндеттері:

  1. Республиканың барлық өңірлерінде қазақстандық өндірушілердің өнімі туралы қоғамда оң пікірді қалыптастыру.
  2. «Халық маркасы» жобасы тақырыбын насихаттап жүрген журналистердің қызметін және БАҚ өкілдерін көтермелеу және ынталандыру.
  3. Отандық тауар өндірушілерді насихаттау тақырыбы бойынша журналистердің кәсіби дінгейын дамыту.
  4. Ел назарын қазақстандық брендтерді білуге және түсіндірме жұмыстарына шақыру.
  5. Байқау отандық өндірушілердің беделін арттыруға мақсатталған ақпараттық қолдау көрсетуге және халық арасында отандық өнімді насихаттау үшін бірігуге бағытталған.

Байқауға қатысушылар

  1. Байқауға республикалық, өңірлік және шетелдік БАҚ-тың кәсіби журналистері, штаттық және штаттан тыс журналистер, сондай-ақ Интернет-БАҚ өкілдері мен блогерлер қатыса алады.
  2. БАҚ-тар белгіленген заңды тәртіпте тіркелуі тиіс және жарнамалық сипаттағы хабарламалар мен материалдарға маманданбауға тиіс.
  3. Байқауға қатысушылар конкурстық материалдарын ұсынуы кезінде авторлық құқық туралы, сондай-ақ зияткерлік меншік туралы заңнама талаптары сақталуы тиіс.
  4. Қатысуға өтінімді және конкурстық материалдарды беру 2016 жылғы 10 желтоқсанға дейін halykmarkasy@gmail.com электронды пошта арқылы қабылданады.
  5. Байқауға қатысу үшін автор мынадай ақпарат жолдауы тиіс: тегі, аты, әкесінің аты, жұмыс және ұялы телефоны, электронды мекенжайы, баспа және электронды БАҚ-тың атауы, өзінің жарияланымының атауы, материалдың шыққан күні және редакцияның байланыс телефондары.
  6. Қатысушылар байқауды Ұйымдастырушының сайтында ұсынылған тақырыптар тізімнен өздігімен таңдай алады.

Байқаудың қазылар алқасы (Жюри)

  1. Қатысушылардың жұмыстарын тексеру үшін қоғамдық комиссия (көрнекті қоғам қайраткерлерінен тұратын) құрылады, ол жұмыстарды бағалауды жүзеге асырады, іріктеу критерийлерінің тұтастығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ Байқау жеңімпаздарын марапаттауға қатысады.

Байқауды жүргізу тәртібі және номинациялары 

  1. Барлық номинациялар бойынша материалдар Байқауға 2016 жыл 10 желтоқсанға дейінгі мерзімде электронды түрде ғана ұсынылады.
  2. Байқау мына номинациялар бойынша өткізіледі:
    Баспасөз (газеттер, журналдар);
    Радио
    Теледидар
    Интернет – БАҚ (оның ішінде жаңалықтар агенттіктері);
    Әлеуметтік Медиа (блогерлер).
    Шетелдік БАҚ

Фотосурет (фото репортаж)

  1. Ұсынылған материалдар Байқаудың мақсаттарына сай болуы тиіс. Берілген материал Байқаудың шарттарына сәйкес келмеген жағдайда өтінім қоғамдық комиссияның қарауына рұқсат етілмейді. Егер конкурстық материалда техникалық қателер, нормадан тыс лексика, экстремизмге шақыру, «Жарнама құқығында» деген сілтеулер болса, мұндай материал Байқауға қатысуға рұқсат етілмейді.
  2. Байқау материалдары қоғамдық комиссиясының қарауына түскен сәттен бастап беріліп отырылады.
  3. Байқаудың жеңімпаздары қоғамдық комиссиямен төмендегі критерийлер бойынша ұсынылған материалдардың негізінде анықталады:

Тақырыптың өзектілігі;

Тақырыпты жанжақты ашып көрсету сапасы;

Авторлық шеберлік.

  1. Қоғамдық комиссияның өтініш иесінен конкурстық материалға қатысты қосымша ақпарат сұратуға құқығы бар.
  2. Қатысушының конкурстық өтінімге өзгертулер енгізуге немесе оны кері шақыртып алуға құқығы бар, ол үшін сайттың кері байланыс нысаны арқылы конкурстық жұмыстарды беру мерзімі өткенге дейін «Өзгерістер енгізу» деген белгімен хабарлама жолдайды.

Қатысу мерзімі және шарттары 

  1. Байқауға 2016 жылдың 6 шілде мен 10 желтоқсан аралығындағы кезең ішінде нақты шыққан немесе жарияланған жұмыстар қабылданады.
  2. Байқауға қатысуға бір номинацияда бір автордың немесе шығармашылық ұжымның 3-тен көп емес жұмыстары қабылданады.
  3. Байқауға арналған материалдар мынадай форматта ұсынылуы тиіс:

аудиоматериалдар:

– MP3 форматы немесе WMA

– ұзақтығы 3 минуттан көп емес

– файлдың өлшемі  50 МБ көп емес

Бейнематериалдар:

–AVI форматы, MPEG-1,2,4

– ұзақтығы –60 минуттан аспауға тиіс

–файлдың өлшемі 750 МБ көп емес

Мәтіндік жарияланымдар

– PDF форматы, RTF немесе DOC

–файлдың өлшемі 60 МБ көп емес

Фотосурет

– JPG форматы

–файлдың өлшемі 60 МБ аспауға тиіс.

  1. Бірден кем қатысушысы болған номинация өткізілмеді деп саналады. Конкурсқа ұсынылған материалдар рецензияланбайды және қайтарылмайды.
  2. Байқаудың ұйымдастырушысы конкурсқа ұсынылған материалдарды байқауға арналған баспа және электронды өнімде жариялау құқығын иеленеді.

Байқаудың жеңімпаздарын марапаттау 

  1. Бағалаудың қорытындысы бойынша ұпайлардың (балл) ең көп санын жинаған өтінім жеңімпаз болып танылады. Екі немесе одан көп қатысушылардың ұпайларының  (балл) саны тең түскенде, комиссия конкурстық жұмыстарды қосымша талқылап, жеңімпазды анықтайды.
  2. Байқауды ұйымдастыру және өткізу, сондай-ақ жүлделік қорды құру Ұйымдастырушының қаражаты есебінен жүргізіледі.
  3. Жеңімпазға арналған басты жүлде – Қазақстанда жасалған автомобиль.
  4. Байқауға қатысушыларды көтермелеу үшін Байқауды Ұйымдастырушының және Ұйымдастырушының серіктестерінің тарапынан қосымша номинациялар құрылуы мүмкін.
  5. Байқаудың қорытындысы 2016 жылдың 10 желтоқсанынан кейін жарияланады. Әрбір номинацияның жеңімпаздары дипломдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталады.
  6. Салтанатты рәсімнің өткізілетін жері және күні 2016 жылы 10 желтоқсанда жарияланатын болады.
  7. Байқаудың нәтижелері БАҚ-та, Конкурстың сайтында және әлеуметтік желілерде жарияланады.

Авторлық құқықтар

  1. Байқауға қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарын сақтау жауапкершілігін Байқауға жұмысын жіберген қатысушы толық өз мойнына алады. Байқауға жұмысын жіберген автор, Байқаудың ұйымдастыру комитетіне жіберілген материалдар коммерциялық емес мақсаттарда пайдалануға (интернетте, баспа басылымдарында, әлеуметтік желілерде орналастыру мақсатында) өз құқығын береді.

Байланыс ақпараты

  1. Байқаудың интернеттегі ресми беті: halykmarkasy.kz, бұл жерде Байқаудың шарттары, оның қатысушылары туралы ресми ақпарат орналастырылады, конкурстық материалдарды жинау, Байқау туралы түсіндірме және оның нәтижелерін көпшілікке ұсыну жұмыстары жүзеге асырылады.

Русский вариант положение здесь.

Дерек көзі: halykmarkasy.kz

Опубликовано в Жалпы экономика

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер