Құрылыс жұмыстарына 800 мың евро бөлінген. Бұл музейдің негізін Джеймон Тэйлор қаламақ.
Ағылшындық мүсіншінің сәулет өнерінде өзіндік қолтаңбасы қалыптасқан. Су астындағы мүсінді өнер иесі цементті пайдалану арқылы жасау үстінде. Осы уақытқа дейін су астына дайын 35 мүсін түсіріліп үлгерген.
Жоспар бойынша мұражай 12-15 метр тереңдікте 400 шаршы метрді алып жататын болады. Су үстінде қайықпен, кемемен жүзіп өткен саяхатшы судың астындағы ғаламат мұражайды тамашалай алу мүмкіндігіне ие болу үшін аталмыш тереңдіктің жеткілікті екендігі ойластырылған.