Мерекелік бағдарлама «Берекелі алтын күз» іс-шарасы, ғылыми-танымдық конференция, гала-концерт (эстрада жұлдыздарының қатысуымен) тізбегіне жалғасты. Кеш соңында мерекелік от шашу болды.
Айта кетерлік бір жайт, осы жиын барысында белгілі кәсіпкер, меценат, Шымкент қаласының көкпар федерациясы президенті Асан Балтабай Тасболатұлы «Отырар ауданына 90 жыл» төсбелгісімен марапатталды.
Осы орайда «Baluan tas» академиясы Балтабай Тасболатұлын айтулы мерейтойлық төсбелгісімен марапатталуымен құттықтай отырып, мұны елге сіңірген еңбектің, туған жерге деген адалдық пен жанашырлықтың лайықты бағалануы деп білетінін хабарлайды:
⟪ Асан Балтабайұлы ел мен жер игілігіне бағытталған қайырымдылық істерімен, ұлттық мәдениет пен спортқа, жас ұрпақ тәрбиесіне көрсеткен қолдауымен көпшілікке үлгі. Оның осындай азаматтық ұстанымы мен меценаттық жолы - қазақ қоғамындағы «жомарт жүрек, нар тұлға» дәстүрінің заманауи көрінісі.
«Baluan tas» ұжымының атынан Асан Балтабай Тасболатұлын шын жүректен құттықтаймыз!
Сізге зор денсаулық, отбасыңызға амандық, істеріңізге береке тілейміз.
Туған ел мен ұлтқа қызмет ету жолындағы еңбегіңіз баянды болсын! ⟫.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.