Татулық танымы – жастар таңдауы (Фото)
11.12.2019, 16:29

Татулық танымы – жастар таңдауы (Фото)

Бүгін Министрліктер Үйінде «Толеранттылық танымы – жастар жолымен» атты республикалық мәдени-шығармашылық байқауының жеңімпаздарын салтанатты түрде марапаттау рәсімі болып өтті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Аталмыш іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясының төраға орынбасары – Шерзод Пулатов, Журналист, ҚР Мәдениет қайраткері – Зейін Әліпбек, «United Citizens Fund» ҚҚ төрағасы, әлеуметтік кәсіпкер – Абылайхан Қалназаров, «Отандастар Қоры» КЕАҚ өкілі – Нұрымжан Жұмағазиев, ҚХА мүшелері, байқауға қатысушылар және жеңімпаздар, мемлекеттік мекемелер, шығармашылық және ғылыми зиялы қауым, этноағарту кешендерінің әдіскерлері мен оқытушылары, этнос өкілдерінің жастары, жастар ұйымдарының белсенділері мен мүшелері, блогерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

 

 

 

Байқау мақсаты Қазақстан этностарының арасында қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлікті қамтамасыз етуге бағытталған жастардың жаңашыл, қазіргі заманғы инновациялық ойлары мен идеяларын жарыққа шығару және оны жүзеге асыру.

Жастар арасында ұлтаралық татулық түсінігін кеңінен насихаттау. Ұлтаралық бірлігі мықты елдің – болашағы жарқын екендігін халыққа дәріптеу.

 

 

Осыны баса айтқан шара модераторы А.Қалназаров толеранттылық ұғымын дұрыс түсіну керектігін атап өтті.

«Толеранттылық – басқа ойға, көзқарасқа, наным-сенімге, іс-әрекетке, әдет-ғұрыпқа, сезім-күйге, идеяларға төзімділік, жұмсақтық көрсете білу қасиеті. Яғни, адам құқығы мен бостандығы, плюрализммен қатар негізі демократиялық принциптердің бірі болып есептеледі. Керек десеңіз бұл қоғамның жалпы және саяси мәдени деңгейінің көрсеткіші. Егер оңды тұта білсе, дәл бұл ұстаным елдігіміздің тұғырларының бірі болуға әбден әлеуетті. Тек шектен шығып кетпесе болғаны», - деді ол.

Онан соң Ассамблея өкілі Ш.Пулатов Ассамблея жұмысы туралы айта келіп, Қазақстан халқының қазақ тілі аясында бірлікке келуі аса маңызды екендігіне тоқталды. Ал журналист З.Әліпбек толеранттылық дегеннің өз-өзінен жақсы екенін, алайда оның да өз шекарасы мен тәртібі барлығын талдады.

 

 

Айта кетейік, жастар конкурсына 500-ге жуық адам қатысып, оның ішінде 100 еңбек іріктеліп алынып, кітапқа басылды жәнеден ең үздік 10 жұмысқа арнайы медаль мен дипломдар табысталды.

Тағы бір айта кетерлік жайт, аталған жиынды «ASTANA JOBALARY» Халықаралық және республикалық жобаларды ұйымдастыру орталығы Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» РММ-мен және «Отандастар қоры» КЕАҚ-пен бірлесіп ұйымдастырды.

Фотолар тізбесі:

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер