«Ағылшынша тіл сындыру» жобасы аясында көп балалы отбасылардың ұл-қыздары тегін оқытылуда
20.07.2019, 21:23

«Ағылшынша тіл сындыру» жобасы аясында көп балалы отбасылардың ұл-қыздары тегін оқытылуда

UNITED CITIZENS FUND Қоғамдық қорының ағылшын тілі маманы Ардақ Серік қор қызметі аясында әлеуметтік көмек ретінде көпбалалы отбасылар үшін жүргізіліп жатқан «Ағылшынша тіл сындыру» жобасы барысы туралы баяндады.

«Қазіргі таңда білімнің, оның үстіне ағылшын тілінің маңызды ауадай қажет. Болашақ ұрпақты білім нəрімен сусындатып, оларға аз да болсын көмек жасап, жол көрсетіп отырсақ, бұның өзі қоғамға тигізген бір пайдамыз. Осы орайда UNITED CITIZENS FUND Қоғамдық қорының ұйымдастыруымен мамыр айынан бастап, Алматы қаласы бойынша 96 жəне 136 жалпы білім беретін орта мектептерде көп балалы отбасынан шыққан  балаларды жəне жетімдер үйі балаларынан 50-ден аса балаға тегін түрде ағылшын тілі оқытылып жатыр. Оның ішінде жақында ғана 96 мектеп оқушылары екі ай бойы алған білімдерін қорытындылап, арнайы сыйлықтар мен United Citizens Fund  жəне Empire Education білім беру орталығының сертификаттарына ие болды», - деп атап өтті ол.

 

 

«Сабақ барысы деңгей бойынша, он оннан екі топқа бөліп, оқытылды. Қорытынды алқасы бойынша ата-аналар, мектеп директоры сөз сөйлеп, алғыстарын білдірді. Негізгі мақсат – ынталы, болашағынан зор үміт күттіретін балаларымызға қолдау көрсетіп, тіл меңгеруіне ынталандыру. Сонымен қатар, қазіргі кезде 136 мектеп бойынша сабақ берілу жалғасып жатыр», - деп ойын жалғады А.Серік.

 

 

  Айта кетейік, қазіргі таңда Қор негізінен ағартушылық-тәлімдік бағыттарда жұмыс жүргізуде. Ол жұмыстың басым бөлігі "Empire Education" білім беру орталығы арқылы жүзеге асырылуда. Ал бұл жоба "Ағылшынша тіл сындыру" әлеуметтік жобасы аясында қолға алынды. 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер