«Жалпы алғанда қалаларға ауылдарға іс-сапар аясында және сарапшылардың бағалауына қарап, жылдан-жылға жастардың сапасы артып келе жатқанын атап өткім келеді. Адам капиталының жағымды динамикасы көрініп отыр» - деді А. Нүкенов.
Сондай-ақ, Дін істері және азаматтық қоғам вице-министрі қазақстандық патриотизм деңгейі жөнінде оң пікір білдірді.
«Кейде біз жастардың әлеуетін дұрыс бағалай алмаймыз, жеке фактілерге сүйеніп, шұғыл қорытынды жасаймыз. Бірақ шын мәнінде, біздің жастарымыз жан-жақты дамыған, білім мен бәсекеге қабілеттілікке ұмтылады, ал ең бастысы ел ішінде және шетелдерде болса да туған елдің мүддесіне қызмет етуге дайын. Осылайша, сарапшылардың пікірінше, жастардың 97% Қазақстанның азаматы болғанын мақтан тұтады», - деді Абзал Нүкенов.
Вице-министрдің айтуынша, бүгінде жастар арасында мықты пассионарлық әлеует қалыптасқан. Мұның дәлелі - жас талантты қазақстандықтардың спорт, өнер және т.б. салалардағы әлемдік жетістіктері болып табылады. Мысалы, Динара Сәдуақасованың спортта немесе Димаш Құдайбергеновтің өнердегі жетістіктері жастарға өздерінің дамуына және шығармашылық өсуіне зор серпін береді. Мемлекет жастардың өзін-өзі дамытуына жан-жақты қолдау көрсетеді. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы, Елбасының бес әлеуметтік бастамасы осы процесске айрықша серпін береді.
А. Нүкенов жалпы мемлекеттік жастар саясатының көптеген бағыттарында оң серпіліс бар екендігін атап өтті. Өткен жылы жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі 4,1% -дан 3,9% -ға дейін төмендеген. NEET санатындағы жастардың саны 9,2-дан 2017 жылға дейін 8,7% -ға дейін азайған. Соңғы жылдары жастар арасындағы құқық бұзушылықтардың саны 3,6%-ға төмендегені байқалады. Сондай-ақ, жастардың арасында суицид оқиғалары бір жыл ішінде 8, 2% азайған.