"Қолданбалы жасанды интеллект жасау міндетін шешуді сөз еткенде біз оператор-адамды техникалық жүйемен алмастыруды айтамыз. Жасанды интеллект жүйесі адамды 10-15 жылда алмастыра алады", - дейді Гарбук. Ғалымның пікірінше, қазірдің өзінде міндеттерді орындау жағынан адамнан кем түспейтін жасанды интеллект жүйелері жасалып қойған. Мәселен, адамның даусы мен бет-әлпетін тану.
"Дегенмен де адамның миы жасанды интеллекттен айтарлықтай басым. Оператор-адам жұмысын үйренгенге дейін ата-анасынан берілген және даму арқылы келген мүмкіндіктерге ие, бұл біріншіден. Ал екеншіден бұл мүмкіндіктер алдағы өмірде жетілуін жалғастырады. Адамның өзінде бар интеллектуалдық тәжірибесі оған ары қарай дамуға мүмкіндік береді", - деп атап өтті Гарбук.