Министрліктің мәліметінше, 2015-2017 жыл аралығында 5 811 шетелдік қыз-келіншек Қазақстан азаматтарына күйеуге шыққан екен. Олардың дені Өзбекстаннан келген ден. Екінші орында - Қырғызстан, үшінші орында Ресей елінің азаматтары тұр. Сондай-ақ, Армения, Тәжікстан, Әзербайжан және Грузия азаматтарымен құда болған қазақстандықтардың да саны аз емес.
2015 жылы Қазақстан жігіттері Өзбекстаннан 2474 қызды келін етіп әкелген. 2016 жылы өзбектермен 1358 рет, 2017 жылы 1350 рет құда болыппыз.