Жоспарланған бір концерттің орнына әнші Алматыда екі бірдей кеш өткізген.
"Көптен бері бала-шағамды xалыққа таныстыру арманым еді. Менің де әке болып балаларыммен мақтанғым келеді. 10 жыл бойы отбасымды жасыру маған оңай тиген жоқ. Қаншама ауыр сөздер естіп, негізсіз кінә тағылды. Осының барлығына нүкте қойылғанына ризамын", – деп жазды Қайрат Нұртас Instagram желісіндегі парақшасына.
Екі ұл, екі қызын халық алдына шығарған отбасы балаларының суреттерін желіге жариялай бастады.