Лос-Анджелесте өткен баспасөз мәслихаты кезінде сахнаға беттеп бара жатқан GGG-ға жанкүйері қолтаңба қалдыруын өтінген. Қазақстандық боксшы қолтаңба қалдырудан бас тартып «Қыздар, туға болмайды, болмайды»,-деп түсіндірді. Боксшы ары қарай қазақстандық жанкүйерлерінің сәлемін алып, қол алысып амандасты.
Айта кетейік, Головкин мен Канело реваншы 5 мамыр күні Лас-Вегастағы T-Mobile Arena-да өтеді.