«100 жаңа есім» жеңімпаздарымен кездесуі барасында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев кәріс, жапон, еврей халықтарының еңбекқорлығын мысалға келтірді.
Елбасы кәріс, жапон, еврей халықтарынан үлгі алуға шақырды
«Жапондарды алайық. Мені жапондардың сыпайылығы, қонақтарға деген махаббаты таңғалдырады. Бір-біріне сыпайы иіліп, сәлем береді. Сондай-ақ бес жүз мың еврейді Палестинаның тас даласына әкеп тастады. Ол жақта су да, құнарлы топырақ та, маман да жоқ. Ал бүгінде Израиль бізді жыл бойы құлпынай, шиемен асырап отыр. Израильдің ғылыми технологиялары ең үздік саналады. Дәрігерлері де мықты», – деді Назарбаев.
Осы орайда Мемлекет басшысы жалқаулықты жеңіп, алға ұмтылу керектігін атап өтті. Оның пікірінше, Қазақстан да дамудың жаңа жолдарын іздеу керек. Ол – қазақстандықтардың білім мен ғылымға ұмтылысы болуы қажет.
Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқына қонақжайлылық, мейірімділік пен қамқорлық сынды асыл қасиеттер тән екенін жеткізді.
Дәурен ЕРБОЛАТ Дерек көзі: Baq.kzSilteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13