2016 жылы респуликалық маңыз бар автожолдың 913 шақырымы күрделі жөндеуден өткен. Осы салада жүргізілген ауқымды жұмыстардың нәтижесінде Қазақстан көлік саласы бойынша ТМД арасында көш бастаған. Бұл туралы ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде аталмыш ведомство басшысы Жеңіс Қасымбек мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Көлік саласы бойынша Қазақстан ТМД-да көш бастады – Жеңіс Қасымбек
«Көлік саласындағы негізгі жетістіктердің бірі Қазақстанның халықаралық рейтингтегі логистикалық тиімділігінің жақсаруы болды. Қазақстан 88-орыннан 77-орынға көтеріліп, ТМД елдері арасында көш бастады», - деді ол.
Осы орайда министр өткен жылы «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша қанша шақырым автожолдардың жөнделгендігін атап өтті.
«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша автожолдарды жөндеп, қайта қалпына келтіру жұмыстарына 75 мың адам тартылды. Нәтижесінде республикалық маңыздағы автожолдың 913 шақырымы жөндеуден өтіп, оның 767 шақырымы қолданысқа берілді. «Батыс Еуропа – Батыс Қытай», Астана – Теміртау, Алматы – Қапшағай, Қапшағай – Балпық би, Бейнеу – Шетпе және Көкшетау – Петропавл бағыттары бойынша транзитті дәліздер толығымен ашылды» - деді министр.
Сонымен қатар, министр өткен жылы отандық әуекомпанияларға сәтті болғандығын алға тартты.
«2016 жылы қазақстандық әуекомпаниялардың Еуро Одақ елдеріне ұшуына тыйым салынған барлық шектеулер алынып тасталды. Астана қаласында «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында туристер мен әуе рейстердің көбейіне байланысты «ашық аспан» жобасы іске асатын болады», - деді басшы.
Естеріңізде болса, бүгін Астанада ИДМ-нің алқа мәжілісі өтіп жатыр.
Айта кетейік, министрліктің алқа мәжілісіне ҚР Парламенттің депуттары, ҚР Президенті Әкімшілігінің, ҚР Премьер-министр кеңсесінің, мемлекеттік органдардың, "Бәйтерек" ҰБХ" АҚ өкілдері қатысуда. Селекторлық режимде облыс әкімдерінің орынбасалары, Астана және Алматы қалалары әкімдерінің индустриалдық-инновациялық мәселелері бойынша орынбасарлары, аумақтық бөлімшелер мен министрліктің өңірлердегі ұйымдарының басшылары онлайн түрде қатысты.
Дәурен ЕРБОЛАТ
Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.
Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін, мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.
E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13