Показать содержимое по тегу: шаш өсіру
Әрбір адам жұмсақ, жылтыраған шашты армандайтыны шындық. Бұған қол жеткізу үшін түрлі сусабындарды, гельдерді, бальзамдар мен кондиционерлерді пайдаланамыз, әжелеріміздің әдістеріне де көшеміз, болмаса жеке шаштаразымызға жүгінеміз. Алайда денеміздің әр мүшесі секілді шаштың саулығы үшін де дұрыс тамақтану маңызды орын алады.
Бақуаттылар жиі барып, қыдырып қайтатын Дубайда шаш өсірудің жаңа тәсілі пайда болды. Дұрысы, араб халқының көне әдісі бұл. Сонымен, тоқетеріне көшсек, Дубайдағы сән салондары шаш өсіру үшін биттерді пайдалана бастапты, деп хабарлайды aikyn.kz.
Біріккен Араб Әмірліктерінің бірқатар ақпарат құралдары Дубайда сән салондарының биттерді шаш өсіруге қолданып жүргенін жазған. Арабтар бұрын шаштағы битті алмаған көрінеді. Бит адамның бас терісін шағып, қан айналымын жақсартады-мыс. Сөйтіп, шаш өспек екен. Сол ұғымға Дубайдың қазіргі байшыкештері қайта оралыпты. Тіпті, бит сатып жатқан көрінеді. Әр биттің құны 14 дирхем немесе 4 АҚШ долларына жетіпті. Сән салондарында әр адамға 10-15 бит қолданылады екен. Дегенмен, Дубай билігі мұндай әдісті пайдаланғандарға айып салып, жазалауды да бастап кетіпті. Айып мөлшері 550 доллар деп белгіленсе керек. Қысқасы, бит те саудаға шыққан заман болды.