Министр Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға көмектесуге уәде берді
03.11.2016, 15:57

Министр Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға көмектесуге уәде берді

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Тұңғышбай Жаманқұловты қамаудан босатуға көмектесуге әзір екенін айтты. Бұл жаңалықпен белгілі саясаттанушы Ерлан Сайыров фейсбуктегі жеке парақшасында бөлісті, деп хабарлайды Baq.kz.

«Қымбатты достар! Бір топ жолдастарыммен мәдениет министріне жолығып, халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұловтың босатылуын өтіндік. Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының кабинетінен енді шыққан бетіміз. Ол Тұңғышбай Жаманқұловты босатуға қол ұшын созатынын айтып, бұл мәселені өз жауапкершілігіне алды. Жақын арада мәселе шешіліп қалар деген ойдамын», - деп жазған Ерлан Сайыров фейсбуктегі парақшасында.

Сондай-ақ, Арыстанбек Мұхамедиұлы танымал тұлға Тұңғышбай ағаның басына түскен іске қатысты жеке пікірін де білдіріп өтті.

«Бір апта бұрын ол арнайы келіп, кешірім сұрады. Ісіне өкінетінін айтты. Әрине, бұл мәселе оңай емес. Ұзақ ойландым. Мен оған көмек көрсетуге дайынмын (...). Кепіл беруге де дайынмын. Соттың ісіне араласуға ешкімнің құқы жоқ, оның кінәсі бар ма, жоқ па - сот анықтайды. Қазіргі уақытта барлық заң нормалары бар, кепілақымен босатады, айыппұл деген бар, осыны да ескереді. Осыған байланысты қолғабыс етуге дайынмын», - деді мәдениет және спорт министрі kaz.tengrinews.kz сайтына берген сұхбатында.

Естеріңізге сала кетейік, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросы «Феникс» көркемфильмінің түсірілімдеріне бөлінген қаражаттың жымқырылғанын анықтаған болатын. Осы іске қатысты киноиндустрия саласында жүрген бір топ танымал тұлғның қамауға алынғаны туралы хабар тарады. Олардың арасында ҚР халық әртісі, Мемлекеттік сыйлық иегері Тұңғышбай Жаманқұлов та бар.

 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер