Оның айтуынша, шейхтер бірнеше жылдан бері Абу-Даби эмиратының экология агенттігі мен Қазақстандағы Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитетінің арасында жасалған келісім бойынша елімізде сирек кездесетін құстар санын көбейтіп жатыр.
«Бұл құс тым сирек те емес. 2009-2016 жылдары Қазақстанда арабтар өсірген 7555 дуадақ жіберілсе, оның 1139-ы — Қазақстанда арабтар салған орталықта өскен құстар. Шейхтар БАӘ-ден әкелінген және эмираттың қаржылық қолдауымен Қазақстанда өсірілген дуадақтарды аулай алады. Ал бұл орталық жыл сайын 5 мың дуадақ өсіріп шығарады. Олар өздері өсіреді. Одан бөлек, сайғақтарды күзетуге де көмектеседі», — Бақытбек Дүйсекеев.
Дегенмен, қазақстандықтарға дуадақ аулауға рұқсат берілмейді.
«Қазақстандықтарға дуадақ аулаудың қажет жоқ. Бұл біздің дәстүрімізде жоқ. Олар рұқсат берілген құстарды аулайды. Бізде аулауға рұқсат берілген 95 жануар түрі бар. Қазір аң аулау кезеңі басталды. Арабтар аңды суық қарумен емес, аң аулайтын арнаулы құстармен ұстайды», — дейді Ауыл шаруашылығы министрлігі өкілі.
Сонымен бірге, Бақытбек Дүйсекеев осы жылы бірде-бір дуадақтың өлмегенін айтты. Қазақстанға әлі шейхтардың ешқайсы келмеген. Ауланған әрбір құс үшін арабтар 260 АЕК — 551 460 теңге төлеуге міндетті болады.
Айта кетейік, Бұған рұқсат 2016 жылдың 11 қазанындағы Қазақстан Республикасының № 580 қаулысына сәйкес беріліп, жарлық «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйеде (АҚЖ) орналастырылған еді. «Қазақстан Республикасының 2004 жылдың 9 шілдесіндегі «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» 15-ші заңының бабына сәйкес Қазақстан Республикасының үкіметі қаулы етеді:
1. 2016 жылдың 10 қазан мен 15 қарашасына дейін сұңқармен дуадақ аулауға рұқсат берілсін:
1) шейх Халиф Бин Заед Әл Нахаянға (Бірікке Араб әмірліктері) Оңтүстік Қазақстандағы республикалық маңызы бар Арыс және Қаратау мемлекеттік қорығының аумағында 35 (отыз бес) дуадаққа және Оңтүстік Қазақстандағы республикалық маңызы бар Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облысындағы қорықтар аумағында 49 (қырық тоғыз) дуадаққа;
2) шейх Сурур Бин Мухаммеду Әл Нахаянуға (Бірікке Араб әмірліктері) Маңңыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аумағында 21 (жиырма бір) дуадаққа;
3) шейх Сеиф Бин Мухаммеду Әл Нахаянға (Бірікке Араб әмірліктері) Маңңыстау облысындағы республикалық маңызы бар Кендірлі-Қаясан мемлекеттік қорық аумағында 20 (жиырма) дуадаққа;
4) шейх Джасем Бин Хамад Бин Халифа Әл Таниге (Катар) Жамбыл облысындағы республикалық маңызы бар Аңдасай мемлекеттік қорық аумағында 12 (он екі) дуадаққа және Алматы мен Жамбыл облыстарындағы республикалық маңызы бар Жусандала мемлекеттік қорық аумағында 37 (отыз жеті) дуадаққа.
«Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті белгіленген тәртіпте осы қаулының 1 пунктінде көрсетілген жеке сұңқарлары бар тұлғаларға дуадақ аулауға рұқсат берсін. Дуадақты аулауға төлем 260 айлық есептік көрсеткіш көлемінде бекітілсін. Қазақстан Республикасының Ауылшаруашылық министрлігі, Қазақстан Республикасындағы СИТЕС әкімшілік органы Қазақстан Республикасының аумағына сұңқармен аңға шығу үшін жыртқыш аңшы құстарды, Жоғалып кету қаупі бар жабайы флора мен фауна түрлерін халықаралық саудасы комитетінің процедураларын сақтай отырып алып кіру мен шығаруды қамтамассыз етсін», — делінген қаулыда.
Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау және Оңтүстік Қазақстан облыстарының әкімдеріне аталған шараларды өткізуге қажетті көмек көрсету тапсырылған. Бұл қаулы қол қойылған күннен бастап жүзеге асырылады.
Айта кетейік, бұл құстардың жоғалып кету қаупі бар және Қызыл кітапқа енгізілген.