Атаулы дата БҰҰ Бас Ассамблеясының 2012 жылғы шешімі бойынша арулар құқығын қорғап, өзекті мәселелерін шешуге арналған. Ресми деректерге сүйенсек, әлемдегі қыз балалар саны 1 миллиардқа жуық. Бірақ барлығы қоғамда қолайлы өмір сүрмейді. Миллионға тарта нәзікжанды зорлық-зомбылыққа төзіп, рухани кемсітушілікті бастан кешіріп келеді. Бұған көбіне отбасылық жағдай әсер етеді. Сондықтан БҰҰ кәмелетке толмаған қыздардың тұрмыс құруына тыйым салуды ұсынды. Бұл істі одан ары жүзеге асыру үшін әр мемлекет қажетті ақпарат ұсынуы тиіс. Сөйтіп, мамандар гендерлік саясатқа оң ықпал етуді жоспарлап отыр.
11.10.2016, 11:40
Бүгін – Халықаралық қыздар күні
Бүгін – Халықаралық қыздар күні, деп хабарлайды 24.kz.
Тегтер:
Пікір жазу