Бұл туралы бүгін Астанада ҚР Жоғарғы Сотының судьясы Нүрия Сисенова: «Заңда сот орындаушысы атқарушылық өндірісті қозғағаннан кейін борышкердің мүлкін, оның ішінде ақша қаражатын, жылжымайтын және жылжымалы мүлкін анықтаумен байланысты барлық іс-қимылды жүргізуі тиіс делінген. «Атқарушылық өндіріс туралы» Заңның-55 бабы талаптарына сәйкес, атқарушылық құжат бойынша өндіріп алуға бірінші кезекте, борышкердің ақшалай қаражаты жатады. Борышкердің қарызды жабуға жетерліктей ақшалай қаражаты болмаған жағдайда, оған тиесілі басқа мүлікті өндіріп алуға болады. Басқа мүлкі де жеткіліксіз болғанда, борышкердің атқарушылық құжатқа сәйкес өндірілетін көлемнен құны асып түсетін мүлкін өндіріп алуға болады. Алайда, тәжірибе көрсетіп отырғандай, бұл талаптар сот орындаушылары тарабынан әр уақытта сақтала бермейді», - дейді.
Мәселен, судьяның айтуынша, соттың күшіне енген шешімімен азаматтан шағын несиелік ұйымның пайдасына 2 млн. 200 мың теңге көлемінде қарыз өндіріп алынған. 2014 жылдың қаңтарында атқарушылық өндіріс қозғалған. Жеке сот орындаушысы азаматтың ақша қаражатының бар-жоғын анықтаған. Оның болмауына байланысты, 2015 жылдың 9 шілдесінде жеке сот орындаушысы азаматқа тиесілі тұрғын үйді өндіріп алу туралы қаулы шығарған. Бұл шешімді сот санкциялаған. Жоғарғы Сотта аталған істі қарау барысында ҚР Конституциясының 25-бабы талаптарының бұзылғандығы анықталған.
Айта кетейік, бұл жайында ол елордада өтіп жатқан «Сот актілерін заңнамалық орындалуын қамтамасыз ету. Жеке сот орындушылары институтын одан ары дамыту» тақырыбындағы халықаралық конференцияда мәлім етті.