Қазақстанда шынымен стритрейсерлер жоқ па?
23.09.2016, 14:36

Қазақстанда шынымен стритрейсерлер жоқ па?

Қазақстан аумағында бірде-бір санкцияланбаған түнгі көлік жарысы тіркелген жоқ деп хабарлайды silteme.kz  ҚазАқпаратқа сілтей отырып.

«Қазіргі уақытта республика аумағында түнгі уақытта санкцияланбаған жарыстар тіркелмеген. Жол-патрульдік полициясы көлік құралдарының топтық, санкцияланбаған және ұйымдастырылмаған қозғалысына, маневр жасау қағидалары мен жылдамдық режімін өрескел бұзу фактілерін тәуліктің күндізгі және түнгі мезгілдерінде қаланың магистральді көшелерінен анықтау және жолын кесу мақсатында шаралар қабылдауда. Құрылымдық бөліністер санкцияланбаған жарыстардың жолын кесу, тыныштықты бұзу, қоғамдық тәртіпті және басқа да жол жүрісі қағидаларын бұзу әрекеттерінің алдын алу шараларын тұрақты негізде жүргізеді», - депті министрліктен. Алайда, таяуда Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте Қазақстан Автомоспорт федерациясының президенті Марат Әбіқаев Астана мен Алматы қалаларында түнгі көшедегі көлік жарыстары болып тұратындығын ашық айтқан болатын. «Өкінішке орай, стритрейсерлердің (түнгі қаладағы көлік жарыстары) басым бөлігі Алматы мен Астана қалаларында орын алады. Ол балалардың дені спортшылар емес. Біз оларды спорт алаңдары жолдарына тарту үшін жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Өйткені, олар спорттық шараларға қатысатын болса, осы уақытқа дейін айналысқан тірліктерін тоқтатады. Бұған қоса, спорт алаңдарына өздерінің достарын тартатын болады. Өкінішке орай оларды өзіңе тартудан өзге ықпал ету тетігі жоқ. Сондықтан мұнымен құқық қорғау органдар айналысады және біз олармен тығыз жұмыс істеуге тырысамыз», - деді ол.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер