Нью-Йорктегі жарылысты жасағандар бақылау камерасына түсіп қалған
19.09.2016, 09:04

Нью-Йорктегі жарылысты жасағандар бақылау камерасына түсіп қалған

Полиция Нью-Йорктағы жарылысты жасаған белгісіз біреулерді бақылау камераларынан  көрген, дегенмен олардың нақты кім екендігі анықталмай отыр деп хабарлайды silteme.kz  CNN-ге сілтей отырып. 

Нью-Йорктың Челси ауданында сенбі күні жарылыс болып, 29 адам зардап шеккен еді. Жарылыс дүкендер мен мейрамханалар, гей-клубтардың шоғырланған жерінде орын алған. Оқиға болған жерге жақын маңнан жылдам қайнатқыш ыдысқа ұқсас затқа сыммен жалғанған ұялы телефоны бар күдікті зат табылған болатын. Полиция бақылау камерасынан белгісіз біреудің оқиға болардан 40 минут бұрын брезент сөмке көтеріп өткенін көрген. Әлгі адам 10 минуттан кейін күдікті зат табылған жерден сол сөмкемен қайта өткен. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ол адам сөмкені жолаушылар жолына қалдырған да, белгісіз екі адам одан қоқыс пакетін алған. Олардың айтуынша, ол пакетте әлгі ыдысқа ұқсас, қолдан жасалған жарылғыш зат болған. Сөмкені әкелгендер мен оны жолға тастағандардың арасында не байланыс бары, олардың кім екендіктері әлі анықталған жоқ. 

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер