2017 жылғы 9 айдың нәтижелерін 2016 жылдың осындай кезеңімен салыстырсақ, Бас прокуратураның Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің мәліметі бойынша, зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыс 100-ден 133-ке дейін, 33 пайызға артып кетті », - дейді Балиева.
Сондай-ақ, оныңайтуынша, жыныстық сипаттағы зорлық-зомбылық 83 жағдайдан 108-ге дейін өсіп, 31 пайызды құрады.
«2016 жылы Қазақстанда 180-нен астам бала зорлықтан зардап шекті, бұл 2015 жылға қарағанда аз болса да, елде педофилия дамып келеді», - деп жалғастырды депутат.
Загипа Балиева 2018 жылдан бастап Қазақстанда педофилдердің химиялық кастрациясына мүмкіндік беретін норма қабылданғанын еске салды.
«Алайда, Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен ретінде, мына мәселені көтергім келеді: бұған денсаулық сақтау жүйесі мен қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері қаншалықты дайын? Егер бас бостандығынан айыру орындарында бұл мәселе қандай да бір түрде шешілсе, жазасын өтеген және шығатын қылмыскерлермен не істеу керек?» - деп қорытты Балиева.