ОҚО-да зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен сотталды
11.12.2017, 14:08

ОҚО-да зорлады деп жалған айып таққан бойжеткен сотталды

Сарыағаш ауданының тұрғыны «Өзбекстан азаматтары зорлады» деген желеумен тәртіп сақшыларын шақыртқан, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Сарағаш ауданы прокурорының орынбасары Файзулла Тұрымовтың сөзінше, Абай ауылының тұрғыны әпкесінің айтуымен құрылыс жұмыстарын жүргізіп жатқан Өзбекстан Республикасының екі азаматымен бірге ішімдік ішеді. Бойжеткен кейін өзінің үстіндегі көйлегін жыртып тастап, Сарыағаш аудандық ІІБ-ның полиция қызметкерлерін шақыртқан. Оқиға орнынан келген тәртіп сақшыларына ол «құрылысшылардың екеуі де ұрып-соғып, пышақпен қорқытып, мені еркімнен тыс зорлады» деп  арызданған. Ауданның полицейлері осы оқиғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 120-бабы 2- бөлігі «Зорлау» бойынша іс қозғап, тергеп-тексеру амалдарын жүргізеді. Дегенмен, мастығы тарқаған соң бойжеткен полиция қызметкерлеріне өзі жалған арыз жазғаны және жалған жауап бергенін айтып беріп, жасаған әрекеттеріне өкініш білдірген. Сөйтіп  көрінеу жалған сөз жеткізген азаматшаның үстінен  Қылмыстық кодекстің 419-бабы 3-бөлігі «Көрiнеу жалған сөз жеткiзу» және 420-баптың 2 бөлігімен «Сарапшының, маманның көрiнеу жалған айғақтары, қорытындылары немесе қате аударма» бойынша қылмыстық іс қозғалып, толығымен дәлелін тапты. Сарыағаш аудандық сотының үкімімен бойжеткен 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер