Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді
07.12.2017, 13:49

Салықтан жалтарған Ерке Есмахан мен Ернар Айдардың ісі сотқа берілді

Алматы қалалық Мемлекеттік кірістер департаменті көлік салығын төлемеген шоу-бизнес жұлдыздарын сотқа берді, деп хабарлайды ҚазАқпаратқа сілтемемен silteme.kz.

Департаменттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, қазақстандық шоу-бизнес өкілдерінің арасында көлік салығын төлемегендер бар. Жұлдыздар 400 мың теңгеден аса салық төлемеген. Атап айтқанда, әнші Ернар Айдар - 205,1 мың теңге, Рано Умарова - 88,8 мың теңге, Жеңіс Ысқақова - 73,2 мың теңге, Ерке Есмахан 41,1 мың теңге берешек.

«Бұл азаматтарға қатысты іс материалдары жинақталып, сот органдарына берілді. Сот органдары қарызды өндіру туралы үкім шығарды», - деді баспасөз қызметінен.

Салық қарызы туралы ақпаратты электронды сервис арқылы ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің kgd.gov.kz сайтынан көруге болады. Қалалық департамент 31 желтоқсанда 2017 жылғы көлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын хабарлайды. Айта кету керек, 2016 жылдан бастап көлік салығы төлеушінің тұрғылықты жері бойынша төленеді. 2017 жылдың 5 желтоқсанындағы мәлімет  бойынша  90 мың Алматы тұрғыны 4,2 млрд теңге қарыз. Оның ішінде 19213 борышкердің ісі сотқа жіберілді. 3 653 адамға шетелге шығуға тыйым салынды. 2849 адамның мүлкіне тыйым салынды.  

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер