Показать содержимое по тегу: Нұрлы жол
Бүгін Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Жансейіт Түймебаев Шымкент қаласындағы әкімшілік-іскерлік орталықта орналасқан тұрғын үйлердің иелеріне пәтер кілтін табыстады. Мемлекеттік «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында 288 отбасы баспаналы болды. 9 қабатты тұрғын үйлердің құрылысын «Югстройсервис-Н» және «Шымкентстрой» ЖШС-і мердігер мекемелері жүргізген. Қос нысанның құрылыс жұмыстары 2016 жылы басталып, бүгінде ел игілігіне тапсырылуда.
ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев жалпы 2016 жылғы бағдарламалардың негізгі шаралары атқарылғанын, сонымен қоса жыл қорытындысы бойынша белгілі игерілмеген қаражаттар бар екенін айтты, деп хабарлайды primeminister.kz.
ҚР инвестициялар және даму министрі Ж. Қасымбек 2017-2019 жылдары автожол саласында 1,7 трлн теңге сомасына ұзындығы 4,4 мың шақырым қамтылатын 23 жобаны жүзеге асыру қарастырылғанын баяндады, деп хабарлады primeminister.kz.