Показать содержимое по тегу: смех
Мен де 1 сәуірге ыңғайлап бірдеңе түрте отырайыншы... Сатираның садағын кейбір әуесқойлар сияқты тышталаң-тышталаң етпей, шірене тартқан Сейіт Кенжеахмет көкем: «Күлдіре білу – өнер, күле білу – өмір, күлкі болу – өлім», – деп еді-ау!.. «Менен бұрын айтып қойғанын қарашы-ей!» деп бетке күлімдей қарап, сырттай жаныңызды жеп айтатын өкінішіңіз ғана болмаса, бұл тәуір тіркесті теріске шығара алмайсыз. Ал Лев Толстой жарықтық күлкіні «әсемдік» деп бағалапты да, «анадайы бар, мынадайы бар» деген түсінікпен оның 97 түрін түгендеп шығыпты. Біздікі болса, түрпісі аралас 11-ақ түрімен басқаша сайрап көру. Мархабат!