Показать содержимое по тегу: зымыран
Корей түбегі үлкен соғыс алдында. Даудың басы – Солтүстік Кореяның агрессиялық пиығылы. Былтыр бір жылдың ішінде 20 мәрте баллистикалық зымыран сынады.
Ондағы мақсат, ядролық оқтұмсықтарды алып ұшуға жарай ма, жарамай ма деген ой. Солтүстік Кореяның ядролық держава атануына АҚШ пен оның сол аймақтағы одақтастары Жапония мен Оңтүстік Корея үзілді-кесілді қарсы. Кейбір деректер Солтүстік Корея сенбі күні осы елдің негізін қалаушы, қазіргі мемлекет басшысы Ким Чен Ынның атасы Ким Ир Сеннің туғанына105 жыл толуына байланысты алтыншы мәрте ядролық сынақ өткізуі мүмкін дейді. Бұған Вашингтон да, Сеул де, Токио да қарсы. Содан болар, бұл аймаққа АҚШ ұшақ тасушы «Карл Уинсон» бастаған әскери кемелерін топтастырып үлгерді. Бұған кеше 154 қанатты «Томагавк» зымырандары бар, «Огайо» класындағы сүңгуір кеме қосылды. Егер де Пхеньян тарапынан оқыс қимыл байқала қалса, бұл кемелер бір сәтте Солтүстік Кореяға қарай 600 қанатты зымыранды төгіп жібермек. Бұған қарсы әрине Пхеньян да жауап берері анық. Бұл – Корей түбегінде жаңа бір соғыс алаңы пайда болады деген сөз. Жеңіліп жатса да Пхеньян, 25 миллион халық тұратын Сеулді оқ пен оттың астына алатыны белгілі. Өйткені солтүстіктердің барлық артиллериясы, түйдектете ататын кешендері Сеулді нысанаға алып тұр. Кеше Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Пхеньян халқының 25 пайызы, яғни 600 мың адам шұғыл түрде өзге жаққа көшіру жөнінде жарлық берді. Демек, бұл алапат бір жағдайдың төніп келе жатқының хабары болса керек-ті. Бір ескерте кететін жайт, 1950-1953 жылдар арасында тұтанған соғыстың кесірінен бір ел екіге жарылды. 3 миллионның үстіндегі адам қаза тапты. Корей түбегі 38 паралель бойынша екіге бөлінді. Бір-біріне жау, екі мемлекет пайда болды.
Солтүстік Кореяның армиясы. 750 мың сарбаздан тұрады. Резерві – 4,5 млн адам.
Қару-жарағы: тактикалық зымыран (ракета) ататын 52 қондырғы, 2770 танк, 2440 бронды машина, 12820 артиллерия, 3044 зениттік қондырғы, 646 әскери ұшақ, 512 көмекші ұшақтар, 330 тікұшақ, 300 зениттік зымыран ататын қондырғы, 86 әскери кеме, 510 катер, 52 кемеге қарсы зымырандық қондырғы, 300 теңіз жағалауындағы әскерлерге арналған артқондырғы. Бір айта кетер жайт, 2006 жылы Солтүстік Корея өзін «ядролық державамыз» деп жариялады. Оның себептері бар. Кейбір деректерге қарасақ, ол елде 10-12 ядролық заряд және оларды көздеген жерге жеткізетін зымыран бар.
Оңтүстік Кореяның армиясы. Оңтүстіктегілердің қарулы күштері 687 мың адамнан тұрады. 22 жаяу және мотоатқыштар дивизиясынан, 7 арнайы бригада, 3 Әуе қорғаныс бригадасы жасақталған. 2130 танк, 2490 бронды машина, 4400 өздігінен жүретін арт қондырғы. Теңіз күштерін 170 кеме мен 63 мың адам құрайды. Ал ядролық қуаты қандай? Сеул 2004 жылы 1980 жылдан бастап атом қаруы бағытында жұмыс жасағандарын МАГАТЭ-ның алдында мойындаған. Бірақ ядролық гүрзі оңтүстіктерде бар ма, жоқ па, белгісіз. Құпия. Ең бастысы –Сеулдің артында АҚШ тұр.
Дерек көз: aikyn.kz
Айнұр Қазыкенова
Корей түбегіндегі қазіргі жағдайға байланысты белгілі саясаттанушы Сайын Борбасов былай дейді: