Lada.kz хабарлауынша, стафилококк «Чудо» йогуртынан табылған. Сондай-ақ, сол жерде жасалған құрттың көгеріп кеткені анықталған.
Биыл тұтынушылардың құқығын қорғау департаментімен бірлесіп аталған орталық сатылуына тыйым салынған заттардың сатылып жатқандығына тексеріс жүргізген.
«9 ай ішінде 846 сынама алынды, соның ішінде 604 сынама тамақ өнімдерінен алынды. 128 өнімнің стандарттарға және қауіпсіздік талаптарына сай еместігі анықталды. 70 пайыз жағдайда біздің лаборанттар маркалау ережелерінің бұзылғандығын анықтады», дейді Ұлттық сараптама орталығының Маңғыстау облысындағы филиалының директоры Райхан Рсымбетова.
Еске сала кетейік, Сальмонеллез - жұқпалы ішек ауруы қоздырғышы - сальмонелла туысына жататын таяқшалы бактериялар.
Қазіргі кезде 2500-ден астам сальмонелла бактериясы бар. Сальмонеллалар сыртқы ортада қолайлы жағдай туса, көбейе береді.