АХАЖ бөлімінің қызметкері Бақытгүл Шайкенова: « Некеге тұру үшін екеуіде 1936 жылғы жұбайлар өтініштерін білдірді. 1991 жылы олар ажырасып, кейін тағы да бірге тұра бастаған екен»,- дейді.
Бұл өзгеше жұп үшін АХАЖ бөлімі ресми некеге тіркеу уақытын қысқартпақ. Негізі, некеге өтініш білдіргеннен кейін оның расталуын 1 ай көлемінде күтуге тура келеді, алайда Николай Кириллович пен Валерия Иванованы екі аптада тұрмыс құратын болып шешіліпті.
Күйеу жігіт –Николай Кириллович журналистерге жұбайымен 30 жыл отасып, асығыс қадаммен ажырасып кеткенін айтады.
Көп жылдық тәжірибесі бар күйеу жігіт: «Құрметті жас жұбайлар, ұсақ- түйекке мән бермей, отбасының беріктігін сақтаңыз. Ешуақытта көзге шөп салмай, адал болыңыз. Жарыңызды бағалаңыз. Ажырасқан соң өкініштен ішіңіз өртеніп, құса боласыз. Айқай- шудан қашыңыздар, себебі одан да биік: махаббат, жылулық, перзент және құрмет дейтін ұлы сезімдер бар. Барыңызды бағалап, қадірлеңіз!»,- деп отбасының беріктігі туралы сөз қозғаған.