Гуманитарлық көмек бұл қалаларға алты айдан бері бірінші рет жеткізіліп отыр. Гуманитарлық көмек мәселесімен айналысатын ұйым жүк көліктері Дамаскіге жақын Мадайя мен Забдани қалаларына және елдің солтүстік-батысындағы Әл-Фуа мен Кефрайя қалаларына жеткенін мәлімдеді.
Мадайя - Ливанмен шекараға жақын орналасқан, 40 мың адам тұратын қала. Қаланы Сирия үкіметімен одақтас күштер алты айдан бері қоршап тұр. Забаданиде шамамен 1 мыңға тарта адам ғана қалған.
Кефрайя мен Әл-Фуада БҰҰ мләметінше 20 мыңға тарта адам тұрады. Бұл қалаларды көтерілісшілер 2015 жылдың шілдесінен қоршап тұр.
Сирияда БҰҰ көмегін көрсетудің соңғы операциялары 48 сағаттық бітім әуе шабуылы салдарынан үзілген соң тоқтаған. Өткен аптада Алеппоның батысында БҰҰ-ның гуманитарлық жүк тиеген 31 жүк көлігінен тұратын керуені шабуылға ұшыраған. Шабуылдан 20 бейбіт тұрғын қаза тауып, қойма жойылған. Бұдан соң БҰҰ құрлықпен жүк жеткізуді уақытша тоқтатқан.