Телекөпір форматындағы мега жоба 24 қазан күні 16.00-де «Хабар» телеарнасында басталады. Еліміздің басты арнасы ең ірі үш қаланың мерекелік сахнасындағы концерттерді тікелей эфирде 4 сағат бойы ұсынатын болады. "Мегаполистер бірлігі" ұранымен өтетін мега жоба еліміздің ең ірі үш қаласы - Астана, Алматы және Шымкент қалаларынан таратылады.
Айтулы іс-шараға 150-тен астам қазақстандық эстрада жұлдызы мен белгілі өнер ұжымдары қатысады. Мерекелік телекөпірді Айгүл Мүкей мен Сырым Қашқабаев, Еркебұлан Дайыров пен Ольга Спирина, Кирилл Мейстер мен Ләйла Сұлтанқызы сынды елімізге танымал жүргізушілер тізгіндейді.
Мерекелік телемарафонның мақсаты - Республика күнін насихаттау, ұлттық мереке ретінде жанданған атаулы күнге қоғамның қызығушылығын арттыру.