"98 пайызы қазақы атау! Арасында Фариза Оңғарсынова, Мөңке би, Молдияр Серікбаев, Рафиқа Нұртазина, Жәңгір хан, Әбіш Кекілбаев, Әбілқайыр хан, Еркеғали Рахмадиев, Хасен Оралтай, Сағи Әшімов, Батырхан Шүкенов атындағы көшелер бар! Құтты болсын! — деп сүйінші сұрады Айдос Сарым.
Күні кеше "Қамшы" порталында "Алматы көшелерінде бодандықтың ізі сайрап жатыр" деген мақала жарық көрген еді. Автор Алматыда үлкенді-кішілі 711 көше бар екенін айтып, оның 100-ге жуығы орыстардың есім-сойымен аталатына қынжылған.
Айта кетейік, "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында жалпы Қазақстан бойынша көше атаулары қазақшаланып жатыр. Мысалы, жақында Павлодардағы Кутузов көшесін Тәуелсіздік даңғылы деп атау мақұлданды. ШҚО белсенділері Өскемендегі Ворошилов көшесіне Шәкәрімнің атын беру керек деп облыс әкіміне хат жазды.