Пітір садақа мөлшері бекітілді
02.05.2018, 10:52

Пітір садақа мөлшері бекітілді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2018 жылға арналған ораза кестесі мен пітір садақа мөлшерін жариялады.

Биыл ораза 16 мамырда басталып, 14 маусым күні аяқталады. Төралқа Мәжілісі мүшелерінің бірауызды шешімімен биылғы пітір садақа мөлшері – 300 теңге болып бекітілді. Пітір садақаны Рамазан айының бірінші күнінен ораза айт намазына дейін беруге болады

Анықтама

Пiтiр садақасы – дененiң зекетi немесе нисап мөлшерiндегi байлыққа ие (85 грамм алтын) мұсылманның беруi тиiс садақасы. Пітір садақасын Рамазан айы басталысымен алғашқы күннен бастап-ақ беруге болады. Бұл садақаның Ораза айт намазына дейін берілгені дұрыс. Айт намазынан кейін берілген садақа пітір садақа емес, жай ғана садақа болып есептеледі. Пітір садақа тек тірілер үшін беріледі, қайтыс болған адам үшін жәй садақа беруге болады. Пітір садақасын берерде ниет ету керек. Бірақ пітір садақасын берген кісіге оның садақа екенін айту қажет емес.

©Қаракөз Амантай baq.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер