XV Еуразия Медиа Форумына Матео Ренци мен Роджер Фиск қатысатынын растады
29.04.2018, 15:36

XV Еуразия Медиа Форумына Матео Ренци мен Роджер Фиск қатысатынын растады

А.ж. 22-24 мамыр күндері XV Еуразиялық Медиа Форум өтеді. Биылғы Форум Алматы қаласындағы The Ritz Carlton отелінде болады.

Іс-шара жыл сайын әлемнің алпыстан астам мемлекетінен халықаралық және қазақстандық БАҚ өкілдерін, саясаткерлер мен сарапшыларды бір алаңға жинап келеді.

Осы жолғы Форумның хэдлайнерлері ретінде Италияның экс Премьер-министрі Матео Ренци мен Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск қатысатынын растады. 

«Эволюцияның 15 жылы: әлем қалай өзгереді және бізді қалай өзгертеді» тақырыбындағы Форумның «Халықаралық қарым-қатынастар эволюциясы» сессиясында Италияның экс Премьер-министрі Матео Ренци басты спикер болады. Сессия модераторы – ТАСС бас директоры Михаил Гусман.

  Барак Обаманың коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі Роджер Фиск «Ақпараттық технологиялар эволюциясы: нақты деректен фейк жаңалықтарға. Алаңдауымыз қажет пе?» сессиясының басты спикері болып табылады.

Сонымен қатар, Форум қонақтарын қызықты пікірталас алаңы,  маңызды тақырыптар, мазмұнды әңгіме, спикерлердің танымал шоғыры күтеді.

Еуразия медиа форумы 3 күн өтеді. Жиында 7 пленарлық сессия болады. Сондай-ақ, әлемдік сарапшылар шеберлік дәрісіне бір күнді арналады. 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер