Жаңа заң балаларды сексуалды қылмыстан сақтау және қорғау үшін қабылданды. Жаңа заң бойынша балазға зорлық көрсеткен қылмыскерге ең азы 20 жыл беріледі. Жалпы өмірінің соңына дейін түрмеге қамалады немесе өлім жазасына кесіледі.
Топ болып зорлық көрсеткендер өмір бойы бас бостандығынан айрылады не өлім жазасы тағайындалады.
Ал әйелді зорлағанда кем дегенде 10 жыл бас бостандығанан айрылады.
Үндістан телеарналарының хабарлауынша, аталған түзету балаларға қатысты жыныстық сипаттағы бірнеше қылмыс жасалғаннан кейін енгізілді. Қазір шешім Үндістанның президенті Раму Ковинге мақұлдау үшін жіберіледі.