Facebook қолданушысы Елена Баринова жазғандай, хабарландырулар сайтынан ит іздеп отырғанда, адамның сатылатыны туралы жарияланымға кез болған, хабарландыруда қыз баланың бір миллион теңгеге сатылатыны туралы айтылыпты.
Бұдан бөлек, автор қызды сипаттағанда "сымбатты", "еліктіргіш" деп жазып қойған.
Полиция мәліметінше, аталған дерек сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай реестрінде тіркелді. Алматы ІІД авторды іздеп жатыр.
Дереккөз: sn.kz