Бұған Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердимухамедовтың 8 наурыз мерекесіне орай, елдегі әйелдерге 40 манат (шамамен 3 800 теңге) беру туралы жарлығы себеп болғалы отыр.
Ktk.kz порталының жазуынша, Гурбангулы Бердимухамедов осы жарлыққа қол қойғаннан кейін Әйелдердің халықаралық мерекесіне орай 1-6 наурыз аралығында елдегі қыз-келіншектер ақшалай сыйақы алатынын атап өткен.
Қол қойған жарлыққа сәйкес, кәсіпорындарда, мекемелерде түрлі ұйымдарда жұмыс істейтін елдің әйелдері ақшалай сыйлықтар алады.
Бұдан бөлек мектеп оқушылары, магистратура, докторантурада оқитын, зейнеткерлер мен мемлекеттік жәрдемақы алатын әйелдерге де беріледі.