Нұрлан Ермекбаев Католик кафедралды соборында болды
28.02.2018, 12:15

Нұрлан Ермекбаев Католик кафедралды соборында болды

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Астана қаласындағы «Құдай Ананың қалтқысыз көмегі» Католик кафедралды соборында болып, Рим-Католиктік Архиепархиясының Архиепископы Томаш Пэтамен кездесті, деп хабарлайды silteme.kz АА.

Кездесу барысында мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы өзара іс-қимылдың өзекті мәселелері, елдегі конфессияаралық келісімді нығайту жайы талқыланды.

Нұрлан Ермекбаев бейбітшілік пен тыныштықты нығайту жолында ел азаматтарының рухани өміріне және қазақстандық қоғамның дамуына үлес қосып келе жатқан рим-католиктік шіркеуінің маңызды рөлге ие екенін атап өтті.

Архиепископ ҚР Үкіметіне және Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігіне Құдай Ана – бейбітшілік патшайымы католиктік храмы орналасқан шіркеуге қатынайтын Келлеровка елді-мекенінен Озерное ауылына дейінгі (Солтүстік Қазақстан облысы) автожолдарға жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселесін оң қарастырғанына алғысын білдірді. Бұл жерде маңызы жағынан Иерусалимнен кейін екінші саналатын «Қазақстан жұлдызы» католиктік тағзым ету алтары орналасқан. Онда әлемнің барлық елінен келген католиктер тағзым етеді.

Өз кезегінде, Архиепископ Томаш Пэт собордың құрылу тарихын әңгімеледі, сондай-ақ рухани құндылықтарды қалыптастыру, бейбітшілік пен төзімділік, бірлікті және Қазақстан халқының бірлігін сақтау жолындағы діндарлардың мәдени-ағартушылық жұмыстары жайында хабардар етті.

Астана қаласында «Құдай Ананың қалтқысыз көмегі» шіркеуі 1999 жылы ашылған. Қазақстанда Рим-Католиктік шіркеуінің 80 діни бірлестігі өз жұмысын жүзеге асыруда. Сондай-ақ олар ресми түрде тіркелген конфессиялардың құрамына кіреді.

Кездесу соңында министр Н. Ермекбаев Архиепископты және Рим-Католиктік шіркеуінің қызметкерлерін алдағы келе жатқан Алғыс айту күнімен құттықтады.

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер