«Қазіргі уақытта қазақстандықтардың бар-жоғы (ұшақ жолаушылары арасында - авт.) туралы мәліметтер жоқ», - деп атап өтті Әнуар Жайнақов.
Еске салайық, Еске салайық, бүгін Мәскеудің Домодедово әуежайынан көкке көтерілген Ан-148 жолаушылар ұшағы көп ұзамай радардан жоғалып кетті.
«Саратов әуе желілері» компаниясына тиесілі ұшақтың бортында 65 жолаушы мен 6 экипаж мүшесі болғаны хабарлануда.
Кейін РФ Төтенше жағдайлар министрлігі Ан-148 ұшағының қалдықтары Мәскеу облысының Раменск ауданында табылғанын растады.
«Степановское ауылының аумағында Ан-148 ұшағының қирандылары мен қаза болған бірнеше адамның денесі табылды», - деп мәлім етті ТАСС-қа Ресей Төтенше жағдайлар министрлігінен.
Бұған дейін шұғыл қызметтер әуе кемесінің апаты салдарынан аман қалғандар жоқтығын мәлім етілді.