ҚР мен Біріккен Араб Әмірліктері визасыз режим орнатты. Бұл туралы СІМ баспасөз хатшысы Әнуар Жайнақов Facebook-тегі парақшасында жазды, - деп Stan.kz сайтына сілтеме жасап silteme.kz АА хабарлайды.
2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан азаматтары Біріккен Араб Әмірліктеріне визасыз кіре алатын болады.
Енді екі ел азаматтары 30 күн бойы визасыз сол елде жүре алады.
Келісім 2018 жылғы 10 наурызда күшіне енеді.
“Қазақстан Сыртқы істер министрлігі өз азаматтары үшін визасыз режим географиясын кеңейту бағытындағы белсенді жұмысын жалғастырады”, – деп жазды Әнуар Жайнақов.