Қарағанды облысында сары ауру жұқтырғандар саны артып барады
30.01.2018, 10:16

Қарағанды облысында сары ауру жұқтырғандар саны артып барады

Осы ай басынан бері сары аурумен ауруханаларға 43 адам түскен. Оның 31-і мектеп оқушылары екен, деп хабарлайды КТК арнасы.

Ал осының ішінде 14 оқушы бір ғана қаладағы №58 орта мектепте оқитындар. Теміртаудың да бір мектебінен 3 бала ауруханаға түскен. Мамандар сары ауруды тоқсанараралық демалыстан шыққан балалар жұқтырып келуі мүмкін дейді. Таралу ошағы бір жерде дейтіндей емес, облыс бойынша бірнеше қалалардың оқушылары бір-бірімен қатынаспаған. Дәрігерлер бұл жұқпалы ауру осылай 10 жылда бір қайталанып таралып деп отыр. Қазір сол науқастармен қатынаста болған 200-ден аса адамға егу жұмыстары жүріп жатыр екен. Дегенмен, кез-келген адам, ақылы түрде болсын, сары аурудан өз еркімен егіле алмайды. Себебі, қатты қажеті болмаған соң, оның вакцинасы көп мөлшерде алынбапты.

©Stan.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер