Тіпті кейбір құбылыстардың құпиясы ашылмай қалған. Енді солардың бірқатарына байланысты сөз қозғалық. Айталық адамзатқа мұрагерлікке қалған мына жағдаяттардың құпиясы биыл ашыла қоя ма?
Былтыр 19 қазанда Күн жүйесіне жаңа астероид енді. Ғалымдардың айтуынша, «Ақырзаманның алғашқы белгісі» осы болуы мүмкін. Оумуамуа атауын иемденген аспан денесінің қозғалысы мен оның жерге қаншалықты әсері етері әзірге белгісіз. Бірақ бұдан жақсылық күтуге болмайды екен. Өйткені оның жылдамдығы сағатына 100 000 шақырымды құрайды. Ұзындығы 400 метр келетін қатты дененің шаршы алаңы 40 метрге жуық. Ол өз жолымен қозғалады десек те, кенет жолынан жаңылысып қалса ше? Әрі оның құрамы да белгісіз. Миллиардтаған жыл бойы күннің күлгін сәулесі сіңген астероидтің тылысм дүниені төңкеріп жіберуге шамасы жетеді.NASA агенттігі де ғарыш телескопының жұмысына өзгерістер енгізіп, қаншалықты қадағалап отырса да, олардың өзі қауқарсыздығын байқатып қойыпты.
Мұхиттың арғы жағымен жарыса Ватикан да жұмбақ нысаннан көз алмай отырған көрінеді. Себебі католиктердің священниктері ежелден келе жатқан сәуегейлік болжамды құпия ұстап отырған көрінеді. Онда күнәсі көп адамзаттың басына күндердің күнінде тас түсетіндігі баяндалады. Ал бүкіл Рус Патриархы Кирилл мырза: «тарихи қауіптің келе жатқанын көрмеу үшін тек соқыр болу керек» деген құлаққағыс та жасап үлгеріпті.
Еуропада радиоактивті рутенидің аномальды концентрация –— 106 табылды (платина тобына жататын ақшыл-сұрғылт түсті қатты металл -106). Москвда радиоактивтілік шамалы ғана болғанымен, ең жоғары қоспа Еуропаның солтүстігінде байқалған. Қауіпті ошағы — Румыния аумағы.Осы оқиғаға қатысты еуропалық ешбір ел жақ ашқан жоқ. МАГАТЭ өкілдері болса, қараша айының соңында рутени қосындысы белгілі деңгейден аспағандығын хабарлады.
Қалыптасқан жағдайға байланысты дабыл қаққан батыс баспасөзі ғана болды. Олар «Оңтүстік Оралда ресейліктер ядеролық сынақ өткізді» деп те шулады. Алайда Ресейдің Атом министрлігі бұл байбаламды жоққа шығаратын мәліметтер таратты.
2017 жылы әлемнің әр шалғайында тұратын халықтар жер астынан естілген шу туралы сан түрлі әңгімелер айтты. Әсіресе түнгі мезгілде әлгі дыбыстың күшейетіндігі анықталған. Жұмбақ та қорқынышты феномен Алабамадан бастап Австралияға дейінгі аралықта анық естіліп келеді. Бірақ осы құбылысқа қатысты ғалымдар нақты жауап бере алмай отыр.Колорадо штатының басшылығы бұл оқиғаны жер астындағы мұнай сақтайтын қойманың қақпағын ашумен байланыстырса, ал өзге аймақтардағы шудың қайдан шығып жатқанын ешкім дәл айтып бере алмайды.
Сарапшылардың айтуынша, бұл дыбыс терең қабаттардағы литосфералық плиталардың қозғалысынан шығуы мүмкін. Қалай айтсақ та бұл жақсылықтың белгісі еемс.
Хеопс пирамидасының жолы мен құрылысы ашылғанымен, оның жерасты қуысы әлі күнге жұмбақ. Оның ұзындығы 30 метрге жетеді. Мұны былтыр зерттеушілер тобы анықтаған.Бұл жерасты қақпасы болуы әбден мүмкін. Алайда оны толық анықтау үшін ежелгі пирамида плитасын ешкім бұза алмасы анық. Автоматты зонд-дирижабльді пайланғалы жатқан да ешкім жоқ. Егер осы тәсілді қолданар болса, шағын камераны жер астына жіберуге болады. Сонда ғана жұмақтың шешілуі мүмкін.
Сонымен, қайталанбас құбылыстардың қорытындығы не болары белгісіз. Жұрттың жүрегін лүпілдеткен үрейді қалай басуға болады? Бұл сұраққа ғалымдар ит жылы жауап бере ала ма?
Жолдасбек ДУАНАБАЙ,
Дереккөз: aikyn.kz