Осы фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99 бабы 1 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп, қайғылы оқиғаның мән-жайы анықталуда.
«Осы қылмысқа қатысты криминалдық полиция және жедел тергеу тобының қызметкерлері 39 жастағы жезқазғандықты ұстады. Күдікті базарда сөзге келіспей қалып, 44 жастағы жәбірленушіге пышақ сұғып алған. Күдікті болған жайтты мойындады», - дейді Қарағанды облысының ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Бақытжан Құдияров.
Қазір ұсталған азамат уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.