Бұл ауылға Астанадан эпизоотикалық топ келіп, малдарды қайта тексеруден өткізген. Олар бұл індеттен айығу мүмкін емес деген байламға келген. Бұқар жырау ауданы Қарақұдық ауылының әкімі Орымбала Дүйсембекованың мәлімдеуінше, мал дәрігерлері келгенге дейін жылқыларды екі апта басқа малдардан оқшау ұстаған.
«Бұл ауру сегіз үй-жайдан анықталды. Ауылда барлығы 175 қора бар. Жұқпалы ауру таралмады. Мал дәрігерлері күн сайын бірнеше жер қораларды аралап, малдарды тексеріп жатыр», - деді ауыл әкімі.
Жылқылардың иелері өтемақы алу үшін ветеринария басқармасына өтініш жазып, малдың төлқұжатын немес басқа да құжатын алып баруы керек.