ВИДЕО: Оралда сатушы мүгедек қызды дүкенге кіргізбей қойды
10.01.2018, 18:36

ВИДЕО: Оралда сатушы мүгедек қызды дүкенге кіргізбей қойды

Орал қаласының орталығындағы нан сататын дүкендердің бірінде дүкеннің іші тар болғандықтан техникалық тыйым салынған деп, мүгедек арбасына таңылған қыздың кіруіне сатушы рұқсат бермей қойған.

Оқиға 5 қаңтарда болған, - деп хабарлайды Мой ГОРОД

Қала тұрғыны Нұрбике Бисәлиеваның айтуынша, сол күні кешке оның жолдасы 16 жастағы қызымен нан алу үшін дүкенге барған. "Ол жерде кезекте адамдар тұрған, жолдасым барлығының шығуын күткен және ішке мүгедек арбасындағы қызымен кірген. Дүкенде бірнеше адам болыпты, жолдасым кезекке тұрған, сол кезде сатушы ашуланып, дүкенге арбамен кіруге болмайтынын айтқан. Ол дүкеннің арбаларға есептелмегенін, тіпті мүгедектер арбасы болса да кіргізуге болмайды деген. Ақыры менің жолдасыма қызмет көрсетпепті. Ол жер арбамен кіруге болмайды дейтіндей тар жер емес. Неге бұлай болғаны белгісіз, бұған дейін ол дүкенге барған болатынбыз. Мен мұны былай қалдырмаймын, себебі менің мүгедектер арбасына таңылған қызымды қорлады. Мен прокуратураға шағымданамын", - деді әйел.

Басылымның мәліметінше, дүкенге иелік етуші нан зауытының директорына болған жайт баяндалып, тиісті шаралар қолданылған. "Оқиға сатушының әдепсіздігінің салдарынан болды. Ол дүкендегі жұмысынан шеттетілді. Сонымен қатар, оған сөгіс жарияланып, еңбек кітапшасына енгізілді", - деп түсіндірді Мұхаммед Исаев.

Дереккөз: ktk.kz

 

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер