- Менің енемнің, келін тәрбиелеуінде өзіндік стильі мен ұстанымы бар. Өзім ата-ене қолында 5-6 жыл тұрдым, пістім десем болады. Орамал тағып, сәлемімді салып, таңертең ерте тұрдым (есік алдын сыпырдым демеймін), бірақ ыстық нанымды күнде таңда пісіретінмін. Ұрпақ әкеліп, ана атандым. Жалпы,қандай жағдай болмасын,ата-енемнің айтқанын жерге тастамауға тырысатынмын, одан жаман болған емеспін қайта қателіктерімді түзедім. Ұзын- сөздің қысқасы... Ене институтын терлеп- тепшігіп, үздікке бітірдім, - деп жазды Жұлдыз.
Қайрат Нұртастың әйелі енесінің анасындай болып кеткенін айтып, оның тәрбиелеу стиліне ерекше мән берген.
- Содан соң, бізді жеке отбасы болуымызға сенімді болғандықтан болар, ата- анамыз еншімізді бөліп берді. Оның өзі біз үшін үлкен жауапкершілікке айналды. Бірақ әлі күнге дейін бір шаңырақтың астында тұратын сияқтымыз. Көбіне дастарxан басында бірігіп тұрамыз. Қазіргі таңда енем емес - анамдай болып кеткен. Мен өзіме енемнің ерекше қасиеттерін (болашақ енеге)түртіп алдым: ең бастысы қатаңдықпен емес даналықпен тәрбиелеуі; кінәләйтін емес үйретуі; өзгенің көзінше бағалау; ұлын емес келінін қорғаштау; басқаның келінімен салыстырып, кемістпеуі; үйдегі әңгімені сыртқа шығармауы; әлі де үйреніп, түйетінім көп... Ене мен келін татулығына- әулеттік эстафетаны бір- біріне дұрыс ұсынуы, отбасы құндылығын сақтап қалуға көп септігін тигізеді деген ойдамын, - деп жазды Гүлзира Айдарбекованың келіні.
Сонымен қатар, Жұлдыз дәстүрлі қазақ жанұясындағы ене мен келіннің ара-қатынасына тоқталып өткен.
- Негізінде, тариxқа жүгінсек, қазақтың дәстүрлі отбасында ене мен келін арасындағы қарым-қатынаста ешқандай қиындық болған емес деп ойлаймын. Себебі, екі арадағы келіспеушілктер жайлы шешендік сөз кездеспейді. Қазіргі қоғамда енені сыйламау, мысқылдау идеясы (анекдоттар) - орыстың салтынан, европаның стилінен еніп жатыр. Меніңше сол елдердердің - безбүйрек, ұятсыз, арсыз псиxологиясы. Бұл біздің менталитетке мүлдем кірмейді және кіргізбеу керек! Себебі, парасатты, қаны қазақ ер азаматы анасына ең үлкен құрметтің көрсетілгенін қалайды.
П.с. Келіндердің енесіне жасаған әр- бір әрекеті - өзінің енелік өмірінің кірпіші. Егер де, жақсы келінге қол жеткізгісі келген әйел өз енесіне қолынан келген құрметті аямау керектігін түсіну қажет. Әр-бір келін енеге қарап ой түзеп, бойын түзейді деген пікіріме келісесіз бе?, - дейді Жұлдыз Әбдукәрімова.