Үй жағдайында қалай күтінуге болады?
07.01.2018, 09:00

Үй жағдайында қалай күтінуге болады?

Косметикаға көп ақша шығындамай-ақ үй жағдайында қалай күтінуге болады? Ас үйдегі азық-түліктерді табиғи сұлулық мақсатында қалай қолданамыз? Szh.kz осы сауалдардың жауабын ұсынады.

Азық-түліктің пайдасы:

Сәбіз: Тері қаттылығын қалыпты жағдайға түсіреді, сергек көрініс және түс береді.

Қияр: Теріні ылғалдандырушы және майлылығын алушы қасиеттерге ие.

Лимон: Микроптан тазалайды, теріні жиырады, күшейтеді және майлылығын алады.

Айран: Терінің ерте әжімделуінің алдын алады, жұмсақтық және иілімділік береді.

Сүт: Ылғалдандырады, иілімділік береді, теріні күшейтеді, түзулейді.

Жөке (липа): Тері тіндерін күшейтеді және жаңа клеткалардың қалыптасуына көмектеседі.

Қалақай: Қан айналымын жылдамдатады. Майлы шаштарға және қайызғаққа қарсы қолданылады.

Жебіршөп (тимьян): Дезинфекцияда өте күшті. Қабынуға бейім терілер үшін беріледі.

Сермене (мелисса): Нерв жүйесін тыныштандырады, асқазан газдарын да кетіреді.

Түймедағы: Қабынудың алдын алушы, нәзік және сезімтал терілер үшін өте маңызды.

Бидай кебегі: Теріні құрғап кетуден қорғайды.

Көк шай: Теріні азықтандырады және қартаюдан қорғайды.

Бал: Теріні күшейтеді және жұмсартады. Әжімдерін жазады және қан айналымын реттейді.

Сүзбе: Қабынған терілерге қарсы қолданылады, біраз сүтпен араластырып крем сияқты қоюлыққа келтіру керек. Майлы терінің     күтімінде де қолданылады.

Алма уксусы: Өте танымал дәрі. Теріні жандандырады және терінің беткі қабатын күшейтеді. Құрғақ және жарылғыш терінің          және майлы, безеулі терінің де күтімінде өте жақсы. Шашқа жұмсақтық және жалтырақтық береді.

Жұмыртқа сарысы: Маска және компрессте ең маңызды зат. Теріні азықтандырады және түзейді.

Зімбір (имбирь): Терінің майлылығын, қабынуын кетіреді, жарылуын және жаралардың жазылуын жылдамдатады.

Бадам майы (миндаль): Құрғақ және жарылғыш терілер үшін өте пайдалы. әжімдерді кетіреді.

Майсана майы: Шаштарды күшейтуде өте ұтымды қолданылады.

Соя майы: Теріні қоректендіреді.

Күнжіт майы: Теріні азықтаушы және күн сәулесінен қорғаушы қасиеттері бар.

Зәйтүн майы: Сүзілген зәйтүн майы адам терісіне жақсы сіңеді, теріні қалыпты жағдайда ұстайды және жаңалайды.

Дереккөз: baribar.kz

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер