Күңдікте жүруі мүмкін деп болжанған тараздық Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты
15.12.2017, 12:19

Күңдікте жүруі мүмкін деп болжанған тараздық Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты

Күңдікте жүруі мүмкін деп болжанған тараздық Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты Сурет: ktk.kz

Үндістан азаматына тұрмысқа шығып, отбасымен араласпай қойған Ақмарал Әбдіхановаға қатысты жаңа дерек шықты, деп хабарлайды silteme.kz ақпараттық порталы  КТК-ға сілтеме жасап.

Ақпарат көзінің дерегінше, Үндістан азаматының етегінен ұстап, осы елде туыстарымен хабарласпай кеткен тараздық Ақмарал Әбдіханова АҚШ-та жүрген болуы мүмкін. Біздің дипломаттар оның ізіне түсіпті.

ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің диекторы Ардақ Мәдиев бұған қатысты былай деп мәлімдеді:

 

- Бұл мәселені үнемі бақылап отырмыз. Оны әлемнің түкпір-түкпірінен іздестірудеміз. Соңғы мәліметтер бойынша, ол АҚШ-та болуы мүмкін. Бізге анасы осындай мәлімет айтты. Консулдықтағы әріптестерге шұғыл тапсырмалар берілді. Ақмаралды АҚШ-тан іздестіруге кірістік. Бізге қиындық туғызып жатқаны – қыздың өзі көмек сұрап, хабарласқан жоқ. 

30 жастағы Ақмаралға оның анасы іздеу салған болатын. Сәулехан Әбдіханованың айтуынша, осыдан 7 жыл бұрын үнді жігітімен Маврики аралына ілесіп кеткен қызынан төрт жылдан бері хабар болмаған. Бір анығы: Ақмарал Сэнди Тайлами деген жігітке тұрмысқа шығып, сол күйеу жігіттің дінін қабылдаған. Одан өзге ақпарат жоқ. Ал осы жылдың көктемінде зейнеткер мен оның үлкен қызының ұялы телефонына белгісіз нөмірлерден қоңырау шалынған. Бірақ байланыс жөнді болмапты. Бұл «құлдықта жүрген қыздың белгі беруі» деп түсінген анадан содан бері маза жоқ. Сөйтіп, Сәулехан Әбдіханова Сыртқы істер министірлігіне арыз жазып, перзентін тауып беруін сұраған еді. Бірақ күні бүгінге дейін іздеу жұмыстары нәтиже бермеген. Енді ананың үміті қайта оянғандай.       

Silteme.kz ақпараттық-сараптамалық порталы қазақ тілінде жаңалықтар тарататын және талдамалық материалдар жариялайтын ақпараттық ресурс.

Материалдар мен ақпараттарды портал брендін көрсетіп, гиперсілтеме жасаған жағдайда ғана қолдануға рұқсат етіледі. Ақпараттан мәтін,  мәтін бөлігі немесе дәйексөз алынғанда міндетті түрде тиісті сілтеме көрсетілуі керек. Жазбаша түрде рұқсат берілмеген жағдайда ресурс өнімдерін коммерциялық мақсаттарға пайдалануға жол берілмейді. Авторлар пікірі мен редакция көзқарасының сәйкес келе бермеуі мүмкін. Жарнама мен хабарландырулардың мазмұнына жарнама беруші жауапты.

E-mail: info@silteme.kz
Тел.: +7 778 442 84 13

Әлеуметтік желілер